Оқушыларды НЗМ, КТЛ және баска да беделді оқу мекемелеріне дайындау біздің орталықтың басты ұстанымдарының бірі.

Біз оқушының немесе болашақ студенттің зергерлігін, қабілеттілігін тиімді де жүйелі сабақтары арқылы жақсартуға көмектесеміз. Біздің үздік мұғалімдер мәліметтерді өте түсінікті, тиімді және қызықты жүргізеді.

Осы орайда біз Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылдаудың жүйесін айта кетейік. Қабылдау конкурстық негізде жүзеге асады. Конкурстық негіздегі іріктеу екі кешенді тестілеуден тұрады: пәндік тест бойынша және қабілеттілікті анықтау тесті бойынша. Математика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша пәндік тест өткізіледі.  Екі секциядан тұратын жаратылыстану-математикалық ғылымдарды оқуға қабілеттілікті анықтау тесті өткізіледі: Сандық сипаттамалар және кеңістікте ойлау. Конкурстың қорытындылары бойынша комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттардың шегінде пәндік тесті (4 пән бойынша жалпы балл) бойынша анағұрлым жоғары балл алған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.

КТЛ -ге қабылдау үміткерлерді іріктеу  ойлау қабілетінің  деңгейін анықтау арқылы конкурс негізінде   өткізіледі. Конкурс  2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде  математика мен логика бойынша  кешенді тестілеу өткізіледі. Тест 60 сұрақтан тұрады.  Белгіленген төрт қате жауап бір дұрыс жауапты жояды. Орындалған тапсырманың дұрыс жауаптары   1,5-ға көбейтіледі.

Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижесі   тестілеу аяқталған соң, он бес күнтізбелік күн өткен соң   қабылдау комиссиясы жариялайды.

Конкурстың екінші  кезеңіне  бірінші кезең қорытындысы бойынша  жоғары балл жинаған  үміткерлер жіберіледі  (рейтинг бойынша). Екінші кезеңде  қазақ тілі бойынша-20 сұрақ, математика, логика бойынша -40 сұрақ   тестілеу  өткізіледі. Тест 60 сұрақтан тұрады. Белгіленген төрт қате жауап бір дұрыс жауапты жояды. Орындалған тапсырманың математика мен логика бойынша дұрыс жауаптары   1,5-ға,  қазақ тілі бойынша 1-ге   көбейтіледі.

Пікір қалдыру

НҰР-СҰЛТАН қаласы:

№1-офис. Тәуелсіздік даңғылы, 47/1

Тел: 8 (7172) 540 780 ;
8 775 431 8008;
8 707 431 8008.
  

НҰР-СҰЛТАН қаласы:

№2-офис. Сарыарқа даңғылы, 31/2.
Тел: 8 (7172) 34 79 16;
8 701 531 8008;
8 776 531 8008. 

АЛМАТЫ қаласы:

Мамыр 4-шағын ауданы, 111Г
Тел:8 (727) 381 62 71;
8701 731 8008;
8 707 731 8008