НЗМ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ КУРСЫНА ЖЫЛДЫҚ «QAZBILIM» ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ

66ca36d7-29fa-4fc4-a35b-4e0d32b49d83

Құрметті, білімпаздар!

Бір ай бұрын 2018-2019 оқу жылында халықаралық «QAZBILIM» ғылым-білімді дамыту қорының қолдауымен 5 оқушыға бір жылдық,

20 оқушыға жеті ай уақыт 100% тегін ұлттық бірыңғай тестке дайынық тобына грант ұсынған едік. Осы үрдістің жалғасы ретінде Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түскісі келетін 6-сыныптың 15 тәлімгеріне 100% тегін жылдық білім ГРАНТЫН ұсынамыз.

Бүгінде қосымша білімсіз оқитын балалар кемде-кем. Ал Назарбаев Зияткерлік мектептеріне қосымша дайындықсыз түсу мүмкін емес. Себебі, конкурсқа түсуші оқушылар саны өте көп, осының әсерінен түсу балы өте жоғары,  бәсеке жылдан-жылға артып келеді, ал дайындық орталықтарында дайындалу біраз ақшаны талап ететіні ешкімге жасырын емес. Оны барлық оқушының қалтасы көтере қоюы екіталай, бірақ, бала арманы орта жолда үзілмеуі керек. Осыны ескере отырып Назарбаев Зияткерлік мектебіне, Білім-инновоция лицейіне, т.б. дарынды балаларға арналған мектептерге түскісі келетін үздік оқушыларға да ГРАНТ беруді жөн санадық.

«QAZBILIM» грант иегері атануға үміткерлерге қойылатын талап – Астана және Астана маңында (ең алысы 30 км) орналасқан мектептердің қазақ сыныптарының 6-сынып оқушысы болуы керек. Жеңілдікті беруде оқушылардың оқу нәтижесі мен отбасылық жағдайы басты назарға алынады.

Құжаттар тізімі:

  1. Өзінің (туу туралы куәлігі) және ата-анасының жеке куәлігі;

  2. Оқушы туралы мінездеме (Сынып жетекшісі атынан жазылып, мектеп директорының қолы қойылып, мөрі басылуы керек);

  3. 5-сыныптың табелінің көшірмесі.

Оқушылардың құжатын қабылдау уақыты 12 қыркүйекке дейін. 14 қыркүйек белгіленген шарт бойынша тест сынағынан өтеді, тест (математика 40 сұрақ, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінен 20 сұрақ), Назарбаев зияткерлік мектептерінің емтихан форматында жүргізіледі. 15 қыркүйек грант иегерлерінің тізімі жарияланады. Грант иегерлері 17 қыркүйектен бастап сабаққа жыл бойы тегін қатыса алады.

Бұл сіздерге берілген үлкен мүмкіндік. Қапы қалмаңыздар!

Тек қана Астана қаласында, тек қана біздің орталықта, тек осындай тамаша мүмкіндіктер!

Дайындық Республикалық «QAZBILIM» орталығы базасында жүргізіледі. Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 47/1 және Сарыарқа даңғылы 31/2, Запад ТК 3-қабат

Республикалық «QAZBILIM» орталығы туралы толық ақпаратты http://kazbilim.com сайтынан, ал грант жайлы сұрақтарыңызды 8 775 4318008 (Райхан) нөміріне хабарласып біле аласыздар.

Республикалық «QAZBILIM» орталығы баспасөз қызметі.

Leave us a Comment