ҰБТ-2018: БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ОРТАША ҰПАЙЫ – 117!

36188200_1404748259626837_3501776906187964416_n

Республикалық «QAZBILIM» орталығы  әр жылы оқу жылының аяқталуы мен өзінің жылдық есебін жариялауды дәстүрге айналдырған.

Өткен 2016-2017 оқу жылында орталықтың ҰБТ-да орташа көрсеткіші 111 ұпай болған еді. (Толық ақпарат үшін сілтемені басыңыз) Орталықтың өткен жылы бітірген түлектерінің 92%-ы мемлекеттік грантты жеңіп алған болатын. Ал енді биылғы 2017-2018 оқу жылындағы жылдық қорытындысы төмендегідей болды.

Республикалық «QAZBILIM» орталығында 2017-2018 оқу жылы 700-ге жуық бала білім алды. Оның басым бөлігі – 362 оқушы ұлттық бірыңғай тестке, кешенді тестке дайындалушы түлектер. Қалған бөлігі Назарбаев университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері, дарынды балаларға арналған мектептер, пәндік олимпиадаларға дайындық және қосымша білім алушы мектеп оқушылары болды.

Жыл бойында қазақ баласының ертеңі үшін тынымсыз еңбек еткен ұжымның жылдық жетістігін жеті бөлімде жеткізуді жөн көрдік.

  1. Ұлттық бірыңғай тест

ҰБТ-ға жыл бойы 362 оқушы дайындалды. Бұлардың 50-ге жуығы Қазақстанның әр облысынан келіп қатысса, қалғаны Астана қаласы және қала маңы мектептерінің түлектері. Республикалық «QAZBILIM» орталығы түлектері 20-26 маусым аралығында ҰБТ тапсырып, ең жоғары ұпай 134 балл, орташа 117 балды көрсетті. Алда, кешенді тестілеуге үкілеп отырған 20-дан астам шәкірттер дайындық үстінде.

Төменде біздің 2018 жылы бітірген ең үздік 50 түлектің нәтижесі:

Р/С Түлектердің аты-жөні Қаз тарих Матем сауат Оқу сауат Таңдау 1 Таңдау 2 Жалпы Мектеп
1. Хасенқызы Гүлсезім 20 19 20 38(гео) 37(ағыл) 134 №69
2. Хибадат Жанбота 19 20 18 38(хим) 38(био) 133 Нұресіл ау.о/м
3. Сабирова Сабина Габдул-Маликовна 17 20 20 37 (биол) 38 (хим) 132 №68
4. Оралсын Нұрайым 19 18 20 38(био) 37(хим) 132 Ақкөл ауданы
5. Рактаева Асель 20 20 17 35(ағыл) 40(тар) 132 №5 гимназия
6. Жамигатова Жұлдыз 19 19 18 37(био) 38(хим) 131 №2 Дарын
7. Ергалиева Фатима 19 19 20 34 (биол) 38(хим) 130 №73
8. Жәнібек Элмира 18 17 20 39(мат) 36(гео) 130 №53
9. Хамидоллин Шерхан 19 17 18 39(физ) 36(мат) 129 №9
10. Хазиев Аршын 19 18 18 36(ағыл) 38(тар) 129 №5 гимназия
11. Тогтбах Оразгүл 20 19 19 33(мат) 37(физ) 128 №21
12. Сәметқызы Динар 20 19 19 35(био) 35(хим) 128 Қоянды о/м
13. Алмабек Роза 20 18 19 37(био) 34(хим) 128 №2 Дарын
14. Нурасилова Айдана 19 20 20 35(био) 34(гео) 128 №53
15. Мақышева Аруана 18 18 16 38(мат) 38(гео) 128 №5 гимназия
16. Нигметова Камила 20 20 19 37(био) 32(хим) 128 №50
17. Салкен Эльдана 20 16 20 38(биол) 33 (хим) 127 №40
18. Әшірханова Айдана 17 18 17 37(био) 38(хим) 127 №69
19. Есенбек Нұржан 19 17 18 36(мат) 37(гео) 127 №54
20. Мухаметали Улан 19 15 19 38(мат) 35(гео) 126 Жібек жолы
21. Молдагожина Амина 18 19 18 32(мат) 39(гео) 126 №9
22. Авьзаар Данагүл 17 18 15 37(био) 38(хим) 125 №2 Дарын
23. Усаева Альбина 20 16 19 34(био) 36(хим) 125 Алматы облысы
24. Қажмұхамедова Камила 17 17 19 38(гео) 34(ағыл) 125 №50
25. Төребек Әлия 20 18 18 32(биол) 36 (хим) 124 №80
26. Көкіш Сания 18 17 20 35 (биол) 34 (хим) 124 №40
27. Сейтхан Әсем 16 19 16 37(био) 36(хим) 124 №2 Дарын
28. Балтабай Нұрсезім 16 19 18 35(био) 36(хим) 124 Түркістан облысы
29. Қырықбай Назгүл 18 17 17 36(ағыл) 36(тар) 124 №21
30. Мақанова Назым 16 18 20 33(хим) 37(физ) 124 №2 Дарын
31. Жомарт Нартай 19 15 19 36(тар) 35(ағыл) 124 №54
32. Сахиева Інжу 20 18 20 30(био) 36(хим) 124 №66
33. Абишева Аяна 16 17 15 40(гео) 36(ағыл) 124 №4
34. Усербай Тимур 17 18 17 37(мат) 35(физ) 124 №53
35. Кеңес Айгерім 19 19 19 29(био) 28(хим) 124 №15
36. Тасбулатова Айнур 19 17 17 37(био) 33(хим) 123 №5 гимназия
37. Жандосова Айерке 19 17 20 34(гео) 31(ағыл) 123 №2 Дарын
38. Аманбек Айя 20 20 18 37(тар) 27(АҚҚ) 122 №54
39. Касенова Айгерим 20 19 11 37(мат) 35(гео) 122 №66
40. Мыңжасаров Шерхан 20 13 16 35(мат) 38(физ) 122 Талапкер
41. Шериева Меруерт 19 19 20 28(био) 35(хим) 121 № 66
42. Қиясова Айлана 18 19 19 33(биол) 32(хим) 121 №51
43. Ақжол Сая 19 17 18 31 (биол) 35 (хим) 120 №64
44. Аристанбеков Алибек 19 16 18 33(тар) 34(АҚҚ) 120 Жібек жолы
45. Сисенбаев Әділ 19 19 14 33(био) 35(хим) 120 №54
46. Өткелбаева Әлима 20 18 16 32(био) 34(гео) 120 №5 гимназия
47. Аманбек Дәурен 17 17 15 37(физ) 34(мат) 120 №9
48. Ондырханова Айжан 19 17 14 35(био) 35(хим) 120 №53

Міндетті пәндердің орташа нәтижесі:

Оқу сауаттылығы – 17,5             Математикалық сауаттылық – 17,5 

Қазақстан тарихы – 19

 

ҰБТ-да жеке пәндер бойынша орташа балл:

Биология – 32                               Химия – 33,5

Физика – 32                                  Математика – 34

Тарих – 30,5                                 Адам, қоғам және құқық – 33

Қазақ тілі – 34                              Қазақ әдебиеті – 32

Ағылшын тілі – 31,5                    География – 34

 

Біздің ұядан түлеп ұшқан барша түлектердің қанжығасы мемлекеттік грантпен майланарына сенеміз. Бұдан тыс, 17-23 шілде аралығында кешенді тестілеуге қатысатын 20-дан астам түлектермен нәтижелі жұмыс істелуде.

  1. Назарбаев университеті

Биылғы еліміздегі ең таңдаулы жоғары оқу орны Назарбаев университетінің табалдырығын аттаған түлектеріміздің де саны артып 5-ке жетті.

Аты-жөні Түскен мектептері
1. Жабаш Арай (Ғылым және технологиялар мектебі)
2. Мустахимов Диас (Инженерия мектебі)
3. Қуанышова Арай (Ғылым және технологиялар мектебі)
4. Қасенова Меруерт (Медицина мектебі)
5. Бахытова Данагүл (Ғылым және технологиялар мектебі)

 

  1. Республика бойынша ұстаздарға арналған әдістемелік семинартренингтер

2018 жылы 14-16 ақпан күндері орталығымыздың директоры Аятжан Ахметжан және химия пәні мұғалімі Жаппарова Сәуле Қарағанды облысы білім беруді дамыту орталығында Қарағанды облысының 40 мұғаліміне «Химия пәнінен ҰБТ және олимпиада есептерінің шешу жолдары» атты семинар-тренинг өткізді.

2018 жылы 10-13 наурыз күндері орталығымыздың математика пәні мұғалімі Соңғыбай Типан Қарағанды обылысы Теміртау қаласында математика мұғалімдері мен 11-сыныпты бітіруші «Алтын белгі» иегерлеріне «Математика пәнінен ҰБТ есептерінің шешу жолдары» атты семинар-тренинг өткізді.

2018 жылы 14-16 ақпан күндері орталық директорының орынбасары Нысанбек Балжан Бақытқызы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегетаева Рәсима Қарағанды облысы білім беруді дамыту орталығында Қарағанды облысының өзге тілді мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Өзге тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту» атты семинар-тренинг өткізді.

2018 жылы 30 наурыз-2 сәуір аралығында орталығымыздың директоры Ахметжан Аятжан, физика пәні мұғалімі Ертісхан Дәркей, математика пәні мұғалімі Бекболат Қайрат, биология пәні мұғалімі Махат Несібелі Қызылорда облысы Арал ауданында мұғалімдер мен 11-сыныпты бітіруші түлектерге «Математика-жаратылыстану пәндерінен ҰБТ және олимпиада есептерінің шешу жолдары» атты 4 күндік семинар-тренинг өткізді.

2018 жылы 22-30 маусым күндері орталығымыздың математика пәні мұғалімі Соңғыбай Типан Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында математика мұғалімдеріне «Математика пәнінен олимпиада есептерінің шешу жолдары» атты семинар-тренинг өтті.

 

  1. Республика бойынша оқушыларға арналған мотивациялық семинар-тренингтер

Астана қаласы бойынша Республикалық «QAZBILIM» орталығы және орталық филиалында 4 мәрте «Мамандық таңдау және болашақ», 5 мәрте «Ізденіс һәм нәтиже» тақырыбында, 4 мәрте «ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің 7 жолы» атты ТЕГІН мотивациялық семинар-тренинг өткізілді.

2018 жылы 2 сәуір күні орталығымыздың директоры Ахметжан Аятжан, Қызылорда облысы Арал ауданы 11-сынып бітіруші түлектерге «ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің 7 жолы» атты ТЕГІН мотивациялық семинар-тренинг өткізді.

Бұдан тыс, Астана қаласы мектептерінің базасында да  «Мамандық таңдау және болашақ» және «ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің 7 жолы» атты ТЕГІН мотивациялық семинар-тренинг өткізілді.

 

  1. Республикалық «QAZBILIM» орталығы баспасынан жарық көрген оқу-әдістемелік құралдар

Республикалық «QAZBILIM» орталығы ұжымы биылғы оқу жылында ұлттық бірыңғай тестің жаңа форматқа өзгеруіне байланысты жаңа форматқа бағыт-бағдар беру мақсатында оқушылар мен мұғалімдерге арналған 50-ге жуық оқу-әдістемелік құралдарын дайындады.

Атауы Авторлық құрам
1.          Жаңа форматты ҰБТға байланысты кітаптар
Қазақстан тарихы-1,2 Республикалық «Qazbilim» орталығы
Оқу сауаттылығы-1,2,3 Республикалық «Qazbilim» орталығы
Математикалық сауаттылық-1,2,3,4 Республикалық «Qazbilim» орталығы
Қазақ әдебиеті-1,2 Республикалық «Qazbilim» орталығы
География-1,2 Республикалық «Qazbilim» орталығы
Химия-1,2 Республикалық «Qazbilim» орталығы
Дүниежүзі тарихы-1,2 Республикалық «Qazbilim» орталығы
Биология-1,2 Республикалық «Qazbilim» орталығы
Математика-1,2 Республикалық «Qazbilim» орталығы
Физика-1,2 Республикалық «Qazbilim» орталығы
Ағылшын тілі-1,2 Республикалық «Qazbilim» орталығы
Адам. Қоғам. Құқық-1 (2017) Республикалық «Qazbilim» орталығы
Жаңа форматтағы ҰБТ сынақ кітапшалары Республикалық «Qazbilim» орталығы
2.     Химия пәнінен әдістемелік кітаптар
1. Химия 8-сынып есептері мен жаттығулар жинағы Аятжан АХМЕТЖАН

Нұргүл ХУАНҒАН

2. Химия олимпиада есептері мен шешу жолдары Аятжан АХМЕТЖАН

Нұрбай НҰРСАПА

Сәуле ЖАППАРОВА

14. Элементтердің жаңа үлгідегі периодтық кестесі Аятжан АХМЕТЖАН
3.     Математика пәнінен әдістемелік кітаптар
1 Математика (НЗМ мен ҚТЛ түсушілерге арналған есептер жинағы) Серікболсын ДҮЙСЕМБАЙ
2 Логика бастамалары-1 (2-3 сынып оқушыларына арналған) Ұлан ДАУЫЛ

Айгүл СЕРДАЛЫ

3 Логика бастамалары-2 (3-4 сынып оқушыларына арналған) Ұлан ДАУЫЛ

Айгүл СЕРДАЛЫ

4 Логика бастамалары-3 (3-4 сынып оқушыларына арналған) Ұлан ДАУЫЛ
4.  Әдеби кітаптар
5.  Ұлт болам десең… Аятжан АХМЕТЖАН
6. МІНЕЗ (өлеңдер жинағы) Аятжан АХМЕТЖАН

Кітаптар туралы толық ақпаратты білу үшін сілтемені басыңыз…

Бұдан тыс, “Егемен Қазақстан” газетімен екі жақты мемарандумға отырып, “Егемен Қазақстан” газеті бетінде тест сұрақтарын жариялап, олардың дұрыс жауаптары мен шешу жолдарын kazbilimtv арнасында онлайн сабақ ретінде шешіп көрсетті. 

  1. Республикалық «QAZBILIM» орталығы «QAZBILIM» гранттары

Республикалық «QAZBILIM» орталығында өткен оқу жылынан бастап «QAZBILIM» жылдық тегін оқу грантын ұсынуды бастаған болатынбыз. Осы дәстүріміз бойынша өткен оқу жылында ҰБТ дайындық тобына 25 балаға грант ұсындық, олар орталығымызда тегін білім, тегін оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп, ҰБТ-да өте жақсы нәтижеге қол жеткізді. Алдағы оқу жылында бұл гранттардың қатары толығып Назарбаев зияткерлік топтары, ұлттық бірыңғай тест тобы болып жалпы 50-ге жуық грант ұсынып отырмыз. Гранттар туралы толық ақпаратты алдыңғы жаңалықтарымыздан оқи аласыздар. Немесе төмендегі сілтемелерді басыңыздар:

  1. ҰБТ-ға жылдық «QAZBILIM» гранты беріледі.

 

  1. НЗМ-ға дайындық курсына жылдық «QAZBILIM» гранты беріледі

 

  1. Республикалық «QAZBILIM» орталығы QAZBILIMTV онлайн білім беру жобасы

Бүгінде дамыған біраз ел қашықтықтан оқытып диплом беріп, сапалы маман тәрбиелеуге көшті. Өзге тілді интернет кеңістігін орта білім мен жоғары білімнің лекцияларын үйде жатып-ақ тыңдап, ізденісің болса білімнің шыңына шыға аласыз. Ал бізде ше? Онлайн деген біздікілер үшін тек формалды есеп беру жолы, бар кабинеттер мұражай болып тұр, ал қазақ тілді интернет кеңістігіміз біліммен емес, арзан ойын-күлкі шоумен толып тұр.

Бізге соңғы кездері шалғай ауылдардан, облыстардан, қалаға келіп оқуы қиын ауылдардан хабарласатын оқушылар мен ата-аналар көбейіп кетті. Мектептен сұранып бір аптаға, екі аптаға келіп кетеді. Қиналған тақырыптарын сұрап, орталықтан күні бойы шаршап шығады…

Осы күрделі түйінге өзіміздің үлесімізді ойлап мектеп бағдарламасындағы ҰБТ-да келетін, жұрт қиналатын біраз тақырыптарды өзіміз онсыз да оқушыға үйретеміз, сол сабақтарды видеоға түсіріп алып, көптің керегіне берсек деген мақсатта видеосабақтар түсіруді бастап, түсірілген сабақтарды орталықтың арнайы www.youtube.com/kazbilimtv арнасынан көрсете бастадық. Жыл соңына дейін 100 сабақ түсірсек деген ниетпен бастаған сабағымыздың қазір тең жартысын түсіріп, талапкерлердің назарына ұсындық, алғаш түсірген сабағымызды 24 мың түлек көрсе, соңғы сабақтарымызды мыңнан астам түлек өз пайдасына жаратты.

Тегін һәм сапалы онлайн курстар алдағы оқу жылында бұдан да көбейеді деген сенім бар.

Республикалық «QAZBILIM» орталығы жыл бойы білім саласы бойынша маңызды ақпараттармен қамтамасыз етумен бірге, білім саласындағы әр алуан мәселелер бойынша тегін кеңестер, кездесулер жасады.

Сонымен бірге, өткізілген барлық шеберлік курстар орталықтың YOUTUBE каналында жарияланып, ұстаздар мен оқушылардың назарына ұсынылған.

Жыл бойы талмай еңбек еткен ұстаздар қосынына алғыс айта отырып, алдағы оқу жылында мұнан да үлкен нәтижеге жететіне кәміл сенеміз.

Республикалық «QAZBILIM» орталығы жаз бойы үзіліссіз жұмыс жасайды, орталық туралы толық ақпарат және байланыс: http://kazbilim.com/?page_id=889 сілтемесінде. Қазір ҰБТ-2019 және НЗМ-2019 дайындық курс оқушылары топтастырылуда.

Республикалық «QAZBILIM» орталығы баспасөз қызметі.

Blog Attachment

Leave us a Comment