1986 жылы 18 шілде, ҚХР, ШҰАР, Мұңғұлкүре ауданында дүниеге келген. 2006 жылы шілдеде атажұрты Қазақстанға оралған.



Білімі:
2006-2007 жылдары Яссауи атындағы ХҚТУ дайындық курсы;
2007-2011 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, химия бакалавры;
2013-2015 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, химия магистрі;
2018-2021 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, химия PhD доктор.


Жұмыс тәжірибесі:
2010-2012 жылдары Астана қаласы №66 мектеп-лицейі химия пәні мұғалімі.
2013-2015 жылдары Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 "Зерде" мектебі химия пәні мұғалімі.
2015-2016 жылдары Астана қаласы №73 физика-техникалық лицейі химия пәні мұғалімі
2016-2020 жылдары Республикалық "QAZBILIM" орталығы ЖШС бас директоры
2020 жылы қыркүйектен - 2021 жылы ақпанға дейін Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясы директоры.
2021 жылы ақпаннан бастап Астана қаласы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимания директоры.

Санаты:
Химия пәні мұғалімі бойынша педагог-шебер

Соңғы бес жылдағы жетістіктері:
2018 жылы «Тіл тұғыры-2018» құрмет марапаты. Астана қаласы әкімі Ә.Исекешовтың атынан.
2020 жылы қаңтар «Алғыс хат» – "Білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі және жеткен жетістіктері үшін" ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың атынан.
2020 жылы қыркүйек ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен "Халық алғысы" медалімен марапатталды.
2021 жылы желтоқсан ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.
2021 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан ұлттық теларнасы ұйымдастырған "30 жыл 30 есім" жобасының иегері.
2022 жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі, білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов атынан;
2022 жылы қазан «Алғыс хат» – Елорданың білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Қ.Сенғазыев атынан;
2022 жылы желтоқсан «Алғыс хат» – Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтарды жоғары деңгейде өткізіп, жас түлектерге қолдау көрсеткені үшін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов атынан марапатталған.

Шығармашылығы

Еркіме көнші, ей, өмір» жыр жинағы (2010)
«Мінез» жыр жинағы (2016)
«Ұлт болам десең…» (мақалалар жинағы) (2017)
«Химия есептер мен жаттығулар жинағы» (2017)
«Химия» (оқу-әдістемелік құралы) (2017)
«Химия» (оқу-әдістемелік құралы) (2018)
«Химия олимпиада есептері мен шешу жолдары» (2017)
«Химиялық реакция теңдеулерін теңестіру әдістері» (2019)
3 бөлімді «Химия ҰБТ» атты кітаптардың авторы (2019)
Бұдан тыс, халықаралық, республикалық басылымдарда ғылми, танымдық, публицистикалық мақалалары тұрақты жарияланып тұрады.