Биыл төртінші жыл оқушыларды ҰБТ тапсыртып жатырмыз, қатарынан төрт жыл алға ілгерілеп келеміз. Шүкір.
Биыл Астана және Алматы қалаларында жалпы 400 оқушы ҰБТ-ға қатысады.

Нәтижені алғашқы күннен бастап жарияласам, “Осындай жоғары көрсеткіштің құпиясы неде?” деп сұрайтындар көп. Құпия болатын ештеңесі жоқ, қызығушылық болса, айтайын.

1. Білікті ұстаз. Біздегі мұғалімдер барлығы тек тест арқылы қабылданып, іріктелген дарынды ұстаздар. Орталық үшін ең қиын түйін – осы, сондықтан да жыл бойы мұғалім іздеп отырамын, үздік ұжым қалыптастыру – ең басты дүние. Мықты мұғалім көрсем, барымды салып, өзіме жұмысқа тартамын. Мықты мамандарды әлі де көбейту ойымызда, себебі біздің мақсат әлі алда.

2. Жүйелі бағдарлама. Біз бір жылда 52 апта болса, сол 52 аптада да өзімізде оқитын оқушыларға сынақ тест өткіземіз. Оның нәтижесін тұрақты түрде ата-анаға жіберіп, әлсіз жақтарымен бірлесе жұмыс істейміз.

3. Мотивациялық қолдау. Бір жылда “Мамандық және болашақ”, “Ізденіс және нәтиже”, “ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетудің 7 жолы”, “Түлектермен кеңес”, “Мотивацияны өзіңнен ізде”, “ҰБТ тапсырудың ұтымды жолдары” т.б. тақырыпта ай сайын дәстүрлі тренингтер, мотивациялық сабақтар өткізіп, оқушы психологиясымен тұрақты жұмыс істейміз. Тіпті оқушылар бір айдан асып бара жатса, “ағай тренинг өткізіңізші” деп өздері іздейді.
Осыған байланысты кеңестерді әлеуметтік желідегі парақшамда да, орталықтың qazbilim.kz сайтындағы “директордан кеңес” блогымда да тұрақты жазып, әр сұхбатымда айтып жүргенімді білесіздер, бұл жүйелі кеңес оқушыны шаршатпау, түңілдірмеу үшін өте керек дүние.

4. Тығыз байланыс. Оқушы-мұғалім-ата-ана үштігінің тығыз байланысы. Әр ата-анамен тығыз жұмыс істеледі. Балаға қай уақытта, қандай қолдау керек екенін ескертіп отырамыз. Оның үстіне, баланың қарым-қабілетіне байланысты, кейде бейіміне қарай таңдау пәнін өзгертуге кеңес береміз.

5. Күнделікті оқу материалдарын, кітаптарды өзіміз дайындап, әлденеше рет сараптамадан өткізіп барып қолданамыз. Бұл – мұғалімге үлкен тәжірибе, оқушылар қателескен түйіндерден қалай шығуға болатынын зерттеуге де үлкен күш.

 

Республикалық «QAZBILIM» орталығы
директоры Аятжан Ахметжанұлы

Leave a comment

НҰР-СҰЛТАН қаласы:

№1-офис. Тәуелсіздік даңғылы, 47/1

Тел: 8 (7172) 540 780 ;
8 775 431 8008;
8 707 431 8008.
  

НҰР-СҰЛТАН қаласы:

№2-офис. Сарыарқа даңғылы, 31/2.
Тел: 8 (7172) 34 79 16;
8 701 531 8008;
8 776 531 8008. 

АЛМАТЫ қаласы:

Мамыр 4-шағын ауданы, 111Г
Тел:8 (727) 381 62 71;
8701 731 8008;
8 707 731 8008

АҚТӨБЕ қаласы:

Гришина 7А, Н.Байғанин атындағы оқу ғимараты, 1 қабат

Тел:87017328008

 

X
Сәлеметсіз бе? QAZBILІM орталығына қош келдіңіз! Төмендегі батырманы басу арқылы біздің менеджерлермен тілдесе аласыз.