Республикалық QAZBILIM орталығы 2018-2019 оқу жылында Нұр-Сұлтан және Алматы екі қалада қосымша білім берумен, оқу-әдістемелік құралдарын дайындаумен айналысады. Дәл қазір орталықтың үш бөлімшесінде 70-тен аса ұстаз қызмет етеді. Орталығымыз төртінші оқу жылын табысты аяқтап, жыл сайынғы көрсеткіштерін жаңалап келеді. Әр жылғы қалыптасқан дәстүріміз бойынша жыл бойғы жұмысқа есеп береміз.

Орталықта  2018-2019 оқу жылында әр бағытта жалпы 1000-ға жуық үміткер білім алып, солардың басым бөлігі өздерінің көздеген мақсаттары  орындалып, жетістікке жетіп отыр. Бұл біз үшін де үлкен қуаныш. Жеке-жеке саралай кетсек:

Назарбаев университеті

Қазақстанның ең беделді университеті болып саналатын Назарбаев университетіне дайындалған түлектеріміз ағылшын тілінен IEITS дәрежелік емтиханынынан 6, 6,5, 7 деген көрсеткіштерді көрсетіп, NUFYPЕТ емтиханынан 213 балға дейін жинап, Мағжан Дауыл бастаған 7 түлек Назарбаев университетінің білім грантын жеңіп алды. Бұл өткен жылдағы оқушы санымен салыстырғанда  2  адамға көбейді. Дәл қазіргі кезеңде жаңа оқу жылындағы Назарбаев университетіне дайындық курсының сабағын бастап кеттік.

Ұлттық бірыңғай тест

Орталықтың ең ауқымды бағыттарының бірі – ол ҰБТ. Өткен жылы орталығымызда 400-ден аса оқушы ҰБТ-ға дайындалып, олардың 300-ден астамы 100 балдан жоғары нәтиже көрсетті. Орталығымыздың орташа балы 118 балды құрап, өткен оқу жылынан бір балға жоғарлады.

Төменде орталықтың ең жоғары көрсеткіш көрсеткен 50 оқушының нәтижесі.

 

Аты-жөны Оқу сау Мат сау Қаз. тарих Таңдау пәні 1 Таңдау пәні 2 Жалпы балл бөлімі

 

1. Арынбай Әлбина 19 20 20 38 (био) 39 (хим) 136 Т
2. Байузак Аида 20 20 18 38(биол) 40(хим) 136 А
3. Асылбек Тасболат 20 20 20 40 (био) 35 (хим) 135 С
4. Дәркенбай Қажмұқан 20 19 19 38(биол) 39(хим) 135 А
5. Мұхтарұлы Еркебұлан 18 20 20 37 (мат) 38 (физ) 133 Т
6. Мұқият Марат 20 18 20 35 (мат) 39 (физ) 132 С
7. Әбдінәби Нұр-Бақ 20 20 20 37 (био) 35 (хим) 132 Т
8. Базар Нурмуханбет 20 19 19 38(мат) 36(физ) 132 А
9. Құсайынова Камила 20 20 18 39 (ағыл) 34 (д тар) 131 Т
10. Коскараев Еркебұлан 17 20 19 39 (био) 36 (хим) 131 Т
11. Қабден Аружан 19 17 20 40 (био) 35 (хим) 131 Т
12. Мелс Балжан 18 19 19 39(биол) 37(хим) 132 А
13. Білал Бақытжан 18 20 18 36(биол) 39(хим) 131 А
14. Болат Нұрай 19 17 20 35 (био) 39 (хим) 130 С
15. Советжан Марлен 19 20 19 37(мат) 35(физ) 130 А
16. Бакытова Акерке 18 18 18 37 (био) 38 (гео) 129 Т
17. Қанат Ернар 19 19 17 36 (био) 36 (хим) 129 Т
18. Айымазы Нәзерке 17 18 20 38 (д тар) 35 (ағыл) 128 Т
19. Оспан Артықжан 16 18 19 35 (мат) 40 (гео) 128 Т
20. Аманжолова Аружан 17 16 20 40 (био) 35 (хим) 128 С
21. Амангелді Аружан 02 17 19 36 (д тар) 36 (ағыл) 128 С
22. Әбдімүтәліп Санжар 17 19 18 37(био) 37(хим) 128 А
23. Айдын Лашын 18 20 18 39(биол) 32(хим) 127 А
24. Амантайқызы Зере 20 19 16 39(дтар) 33(анг) 127 А
25. Кинаятова Аяужан 18 18 18 35(биол) 38(хим) 127 А
26. Сайлауханова Айғаным 19 19 19 33 (фран) 37 (д тар) 127 С
27. Бакира Олжас 18 19 16 36 (био) 38 (хим) 127 С
28. Қанатова Дильназ 16 19 19 34 (ағыл) 38 (гео) 126 Т
29. Абилпия Ақниет 17 17 19 38(био) 35(хим) 126 А
30. Копбаева Камила 20 20 20 35(био) 31(хим) 126 А
31. Сарыбек Дінмұхамед 19 20 16 34(мат) 37(гео) 126 А
32. Оспанова Гүлнәз 19 17 17 38 (гео) 34 (ағыл) 125 Т
33. Сарқытбай Темірлан 18 11 20 39 (био) 37 (хим) 125 Т
34. Ерланқызы Алтынай 19 17 19 33 (д тар) 37 (АҚҚ) 125 Т
35. Азан Таңшуақ 16 19 17 36 (хим) 37 (био) 125 С
36. Бисенғалиев Рахат 17 20 16 37(био) 35(хим) 125 А
37. Ерғанатұлы Нұржан 18 19 18 37(д.тар) 33(гео) 125 А
38. Ерланқызы Алтынай 19 17 19 33(д.тар) 37(аққ) 125 А
39. Жеткерген Нұржан 20 20 18 32(гео) 34(мат) 124 А
40. Көшкінбай Әділет 19 16 15 38(биол) 36(хим) 124 А
41. Мажитова Алуа 20 16 17 35(мат) 36(физ) 124 А
42. Жумаділ Асхат 20 15 18 33 (мат) 38 (физ) 124 Т
43. Кузтаева Айгерим 20 17 19 35 (д тар) 33 (ағыл) 124 Т
44. Сатвалдинов Матай 16 19 18 38 (гео) 33 (мат) 124 Т
45. Жеткерген Нұржан 18 20 20 32 (гео) 34 (мат) 124 Т
46. Сейтжан Алина 17 17 19 35 (био) 36 (хим) 124 С
47. Опашева Аружан 15 15 18 39 (био) 37 (хим) 124 Т
48. Жорақұл Гүлназ 14 19 16 40 (хим) 35 (био) 124 С
49. Калиева Гульмира 15 18 19 40 (био) 31 (хим) 123 Т
50. Мұхаметқали Ләззат 14 19 18 34 (био) 38 (гео) 123 Т
51. Әбдіқадыр Әсемай 18 18 18 35 (қ тіл) 34 (қ әдеб) 123 Т
52. Байназарова Аяулым 18 19 19 31 (био) 36 (хим) 123 Т
53. Станбеков Дәурен 18 15 15 36(био) 39(хим) 123 А
54. Тоқтасын Айдар 20 20 17 30(физ) 36(мат) 123 А

Дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық

       Орталығымыздың тағы да бір үздік көрсеткіштерінің бірі – ол Назарбаев зияткерлік мектебі, білім-инновация лицейі секілді үздік мектептерге дайындық барысында көрінді. Бұл мектептерге дайындалған оқушылардың 75% аталмыш мектептердің білім грантын жеңіп алды. Төменде грант иегерлерінің тізімі:

Назарбаев Зияткерлік мектебіне  түскендер:

  1. Отаубай Санжар
  2. Сәдір Рамазан
  3. Хамидолла Ұлжан
  4. Уәли Күзенбай
  5. Сембай Нұрдаулет
  6. Тохтарбек Шұғыла
  7. Ұлтанбаева Айзере
  8. Мырзабеков Нұрым
  9. Әділбек Айшабибі

БИЛ-ға түскендер:

1.Тұғамбек Ернар

2.Хамидулла Ұлжан

3.Хабілет Думан

Дарынды балаларға арналған №9 Зерде мектебіне түскендер:

1.Тұрғамбек Ернар

2.Ещанов Алишер

РФММ-ға түскендер:

  1. Отаубай Санжар

Бұл көрсеткіштер алдағы оқу жылында еселенеді деп сенеміз. Қазіргі кезде орталығымызда бұл мектептерге де дайындық басталып кетті.

     Оқу-әдістемелік құралдар

Орталық ашылғалы бері 50-ден аса оқу-әдістемелік құралдарын дайындап, баспадан шығарды. Өткен оқу жылында да бұл үрдіс жалғасып, 10-ға жуық оқу құралын шығарды. Оқу құралдарының жалпы тізімін көру үшін осы жерді басыңыз.

Бұл оқу-әдістемелік құралдарын еліміздің түкпір-түкпіріне тапсырыспен алдырып қана қоймай, бүгінде шетелдегі қандастарда пайдалануда. Алдағы оқу жылында да қазақ тіліндегі сапалы оқу құралдарының көбеюіне үлес қоса береміз.

Семинар-тренингтер

Біз , өз оқушыларымыз үшін айына бір мәрте мотивациялық тренингтер өткізумен бірге, ұйымдастырушылар ұсынысымен облыс, аудандарға да барып үш күндік, бес күндік, бір апталық семинар тренингтерді де өткіземіз. Осы оқу жылында Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Арал ауданы, Алматы қаласы секілді өңірлерде семинар – тренинг жүргізген едік.

Республикалық QAZBILIM орталығы ашылғалы бері қыруар шаруа атқарып, үлкен жетістікке жетіп үлгерді, біз биыл үш жылдықта орталық туралы үлкен есеп берген едік, бұрынғы жылдардың нәтижесін сол есептен көре аласыздар. Ол үшін осы жерді басыңыз.

Осындай үздік жетістікке жетудің сыры туралы орталық директоры Аятжан Ахметжанның мына бір жазбасымен биылғы есебімізді қорытындылайық:

     Бізде ҰБТ нәтижесі неге жоғары болады?

       Биыл төртінші жыл оқушыларды ҰБТ тапсыртып жатырмыз, қатарынан төрт жыл алға ілгерілеп келеміз. Шүкір.

Биыл Астана және Алматы қалаларында жалпы 400 оқушы ҰБТ-ға қатысады.

Нәтижені алғашқы күннен бастап жарияласам, «Осындай жоғары көрсеткіштің құпиясы неде?» деп сұрайтындар көп. Құпия болатын ештеңесі жоқ, қызығушылық болса, айтайын.

  1. Білікті ұстаз. Біздегі мұғалімдер барлығы тек тест арқылы қабылданып, іріктелген дарынды ұстаздар. Орталық үшін ең қиын түйін — осы, сондықтан да жыл бойы мұғалім іздеп отырамын, үздік ұжым қалыптастыру — ең басты дүние. Мықты мұғалім көрсем, барымды салып, өзіме жұмысқа тартамын. Мықты мамандарды әлі де көбейту ойымызда, себебі біздің мақсат әлі алда.
  2. Жүйелі бағдарлама. Біз бір жылда 52 апта болса, сол 52 аптада да өзімізде оқитын оқушыларға сынақ тест өткіземіз. Оның нәтижесін тұрақты түрде ата-анаға жіберіп, әлсіз жақтарымен бірлесе жұмыс істейміз.
  3. Мотивациялық қолдау. Бір жылда «Мамандық және болашақ», «Ізденіс және нәтиже», «ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетудің 7 жолы», «Түлектермен кеңес», «Мотивацияны өзіңнен ізде», «ҰБТ тапсырудың ұтымды жолдары» т.б. тақырыптарда ай сайын дәстүрлі тренингтер, мотивациялық сабақтар өткізіп, оқушы психологиясымен тұрақты жұмыс істейміз. Тіпті оқушылар бір айдан асып бара жатса, «ағай тренинг өткізіңізші» деп өздері іздейді.
    Осыған байланысты кеңестерді әлеуметтік желідегі парақшамда да, орталықтың qazbilim.kz сайтындағы «директордан кеңес» блогымда да тұрақты жазып, әр сұхбатымда айтып жүргенімді білесіздер, бұл жүйелі кеңес оқушыны шаршатпау, түңілдірмеу үшін өте керек дүние.
  4. Тығыз байланыс. Оқушы, мұғалім, ата-ана үштігінің тығыз байланысы. Әр ата-анамен тығыз жұмыс істеледі. Балаға қай уақытта, қандай қолдау керек екенін ескертіп отырамыз. Оның үстіне, баланың қарым-қабілетіне байланысты,  кейде бейіміне қарай таңдау пәнін өзгертуге кеңес береміз.
  5. Күнделікті оқу материалдарын, кітаптарды өзіміз дайындап, әлденеше рет сараптамадан өткізіп барып қолданамыз. Бұл – мұғалімге үлкен тәжірибе, оқушылар қателескен түйіндерден қалай шығуға болатынын  зерттеуге де үлкен күш.

Бізде тек ҰБТ нәтижесі ғана емес, барлық оқу процесі дәл осындай жоғары деңгейде жүргізіледі. Бізді таңдасаңыздар өкінбейсіздер.

Қазақтың әр баласы дарынды,

Дұрыс бағыт беру бізге парыз!

Республикалық QAZBILIM орталығы баспасөз қызметі.

Leave a comment

НҰР-СҰЛТАН қаласы:

№1-офис. Тәуелсіздік даңғылы, 47/1

Тел: 8 (7172) 540 780 ;
8 775 431 8008;
8 707 431 8008.
  

НҰР-СҰЛТАН қаласы:

№2-офис. Сарыарқа даңғылы, 31/2.
Тел: 8 (7172) 34 79 16;
8 701 531 8008;
8 776 531 8008. 

АЛМАТЫ қаласы:

Мамыр 4-шағын ауданы, 111Г
Тел:8 (727) 381 62 71;
8701 731 8008;
8 707 731 8008

АҚТӨБЕ қаласы:

Гришина 7А, Н.Байғанин атындағы оқу ғимараты, 1 қабат

Тел:87017328008

 

X
Сәлеметсіз бе? QAZBILІM орталығына қош келдіңіз! Төмендегі батырманы басу арқылы біздің менеджерлермен тілдесе аласыз.