2013 жылдан бері ұрпақ тәрбиесі мен біліміне үздіксіз үн қосып келе жатқан «Қазбілім» порталы ұжымы қазақ баласының ертеңгі бəсекеге қабілетті ұлт тұлғасы болып жетілуі үшін ұлттық тәрбиені өзек еткен бағдарламалар негізінде Республикалық QAZBILIM орталығы болып құрылып, өз жұмысын 2016 жылы ақпан айында бастады.

Орталық үш бағытта қызмет атқарады:
1) Қосымша білім беру
2) Ақпараттандыру
3) Оқу әдістемелік құралдарын дайындау

Бүгінгі таңда орталықтың Нұр-Сұлтан қаласында 2, Алматы қаласында 1 бөлімшесі бар. Орталықта 100-ге тарта мұғалім білім береді.

Орталықтың негізгі бағыттары:

Мектепке дайындық;
Жаңа форматтағы ҰБТ-ға және кешенді тестілеуге сапалы дайындық (КТ);
Назарбаев университетіне дайындық, APTIS/IELTS және NUFYP/SAT
Дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық: «Назарбаев зияткерлік мектебіне» (НИШ), «Білім-инновация лицейлеріне» (бұрынғы ҚТЛ), Астана қаласы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебіне (РФМШ), дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне, дарынды балаларға арналған №82 «Дарын» мектептеріне сапалы дайындық;
1-11 сынып бағдарламасы бойынша қосымша білім беру;
Барлық пәннен әр деңгейлі пәндік олимпиадаларға дайындық;
«Алтын белгі» үміткерлерін, «Үздік куәлік» иегерлерін жеңілдікпен дайындау;
Дарынды балаларды анықтау, дамыту және бағыт беру жұмыстарын жүргізу;
Шахмат, тоғызқұмалақ, логикалық ойындар;
Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға дайындық;
Жас мамандарды тәрбиелеу, сертификаттау;
Оқушылар мен жас мамандарға арналған қалалық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарды ұйымдастыру;
Қазақ тіліндегі ҰБТ, пәндік олимпиадаларға және күнделікті сабаққа арналған арнайы материалдар дайындау және сату;
Тіл курстары (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қытай тілі, неміс тілі, француз тілі) және шет тілдердің дәрежелік емтихандарына (TOEFL, IELTS, HSK) дайындық;
Шетелден келген қандастарды қазақстандық білім стандартына бейімдеу.
Білім беру мәселелеріне арналған кеңестер беру;
Мамандық таңдауға арналған арнайы сабақтар жүргізу, кеңестер беру, мамандық таңдауға көмектесу;
Психологиялық тренингтер ұйымдастыру, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету;
Үздік ұстаздарға және білім ордаларына ақпараттық қолдау көрсету;
Республикалық деңгейде облыс, аудан, қала, ауылдарды аралап, мұғалімдер мен оқушыларға арналған шеберлік курстарды өткізу және сертификаттар беру.

X
Сәлеметсіз бе? QAZBILІM орталығына қош келдіңіз! Төмендегі батырманы басу арқылы біздің менеджерлермен тілдесе аласыз.