ЖОБА ТУРАЛЫ
2014 жылы
2014 жылы 24 наурыздан бастап ұрпақ тәрбиесі мен біліміне үлес қосу мақсатындағы www.kazbilim.kz ақпараттық-сараптама порталы құрылды.

2016 жылы
2016 жылы 8 ақпан Республикалық «QAZBILIM» орталығының алғашқы бөлімшесі Астана қаласында ашылды.

2016 жылы қазан айынан QAZBILIM баспасы алғашқы оқу-әдістемелік құралдарын шығара бастады.
2017 жылы
2017 жылы 17 тамыз Республикалық «QAZBILIM» орталығының Астана қаласындағы екінші «Сарыарқа» бөлімшесі ашылды.

2018 жылы
2018 жылы QAZBILIM жобаларының тағы бір бағыты QAZBILIM ұлттық білім беру қоры жұмысын бастады. Осы кезден бастап қор 5000-нан астам оқушыға қолдау беріп шабыттандырды, жетістікке жетуіне алғышарт болды.

2018 жылы 18 тамыз Республикалық «QAZBILIM» орталығының Алматы қаласындағы бірінші бөлімшесі ашылды.

2020 жылы
30 қаңтарда Республикалық «QAZBILIM» орталығының Шымкент қаласындағы бөлімшесі ашылды.

15 наурызда Республикалық «QAZBILIM» орталығының онлайн бөлімі ашылды.

10 тамызда Республикалық «QAZBILIM» орталығының Астана қаласындағы үшінші «Түркістан» бөлімшесі ашылды.

29 тамызда Республикалық «QAZBILIM» орталығының Ақтау қаласындағы бөлімшесі ашылды.

5 қыркүйекте Республикалық «QAZBILIM» орталығының Алматы қаласындағы екінші бөлімшесі ашылды.

2021 жылы
16 қаңтарда Республикалық «QAZBILIM» орталығының Қызылжар қаласындағы бөлімшесі ашылды.

9 тамызда Республикалық «QAZBILIM» орталығының Семей қаласындағы бөлімшесі ашылды.

11 тамызда Республикалық «QAZBILIM» орталығының Қарағанды қаласындағы бөлімшесі ашылды.

12 тамызда Республикалық «QAZBILIM» орталығының Қызылорда қаласындағы бөлімшесі ашылды.

2022 жылы
Тамыз айынан ұлттық білім мен тәрбиені негіз еткен QAZBILIM ұлттық лицейлері жұмысын бастады. Бүгінгі таңда Қостанай, Ақтау, Атырау қалаларында 1000-ға жуық оқушы ұлттық білім нәрімен сусындап жатыр.
2023 жылы
2023 жылдан бастап ұлттық лицейлер қатары көбейіп, Алматы мен Шымкент қалаларында ашылды.

2023 жылы цифрлық білім беру бағыты - QAZBILIM.ONLINE платформасы іске қосылды.