Орталық туралы

2013 жылдан бері ұрпақ тәрбиесі мен біліміне үздіксіз үн қосып келе жатқан «Қазбілім» порталы ұжымы қазақ баласының ертеңгі бəсекеге қабілетті ұлт тұлғасы болып жетілуі үшін ұлттық тәрбиені өзек еткен бағдарламалар негізінде Республикалық QAZBILIM орталығы болып құрылып, өз жұмысын 2016 жылы ақпан айында бастады.

Орталық үш бағытта қызмет атқарады:
1) Қосымша білім беру
2) Ақпараттандыру
3) Оқу әдістемелік құралдарын дайындау

Бүгінгі таңда орталықтың Нұр-Сұлтан қаласында 2, Алматы қаласында 1 бөлімшесі бар. Орталықта 100-ге тарта мұғалім білім береді.

Орталықтың негізгі бағыттары:

  • Мектепке дайындық;
  • Жаңа форматтағы ҰБТ-ға және кешенді тестілеуге сапалы дайындық (КТ);
  • Назарбаев университетіне дайындық, APTIS/IELTS  және NUFYP/SAT
  • Дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық: «Назарбаев зияткерлік мектебіне» (НИШ), «Білім-инновация лицейлеріне» (бұрынғы ҚТЛ), Астана қаласы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебіне (РФМШ), дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне,  дарынды балаларға арналған №82 «Дарын» мектептеріне сапалы дайындық;
  • 1-11 сынып бағдарламасы бойынша қосымша білім беру;
  • Барлық пәннен әр деңгейлі пәндік олимпиадаларға дайындық;
  • «Алтын белгі» үміткерлерін, «Үздік куәлік» иегерлерін жеңілдікпен дайындау;
  • Дарынды балаларды анықтау, дамыту және бағыт беру жұмыстарын жүргізу;
  • Шахмат, тоғызқұмалақ, логикалық ойындар;
  • Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға дайындық;
  • Жас мамандарды тәрбиелеу, сертификаттау;
  • Оқушылар мен жас мамандарға арналған қалалық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарды ұйымдастыру;
  • Қазақ тіліндегі ҰБТ, пәндік олимпиадаларға және күнделікті сабаққа арналған арнайы материалдар дайындау және сату;
  • Тіл курстары (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қытай тілі, неміс тілі, француз тілі) және шет тілдердің дәрежелік емтихандарына (TOEFL, IELTS, HSK) дайындық;
  • Шетелден келген қандастарды қазақстандық білім стандартына бейімдеу.
  • Білім беру мәселелеріне арналған кеңестер беру;
  • Мамандық таңдауға арналған арнайы сабақтар жүргізу, кеңестер беру, мамандық таңдауға көмектесу;
  • Психологиялық тренингтер ұйымдастыру, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету;
  • Үздік ұстаздарға және білім ордаларына ақпараттық қолдау көрсету;
  • Республикалық деңгейде облыс, аудан, қала, ауылдарды аралап, мұғалімдер мен оқушыларға арналған шеберлік курстарды өткізу және сертификаттар беру.

БІЗДІ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАЙДЫ

Біздің мақсат оқушыларға сапалы білім беру

Республикалық «Qazbilim» орталығының директоры Аятжан Ахметжанға және осы орталықтың мұғалімдеріне алғысым шексіз! Еңбектеріңіз жансын!

Қыстай қала сыртынан үш автобусқа мініп, орталықта қосымша дәріс алып, кешке ол қайтқанша түн болып, қала өміріне онша бейімделе қоймаған балам үйге жеткенше тақымымды қысып отырушы едім.Әуелі Алла қолдап, сосын сіз себепші болып Тілегенімнің де еңбегі жанды.

Айналайын Аятжан, келешекте Қазақ елінің тұтқасын ұстар азамат боп,биік белестерді бағындыра бер деп отбасымыздың атынан тілек білдіремін және «Qazbilim» орталығына балаларыңызды оқытуға асыңығыздар дегім келеді.

 

 

Гульсара Сейдалиева

 Фейзбук парақшасынан алынды

Немерем ҰБТ-ны жақсы тапсырып, қуанышымды жасыра алмай отырмын. №40 мектептің диреторы Ербол Іргебай мен «Qazbilim» орталығының басшысы Ахметжан Аятжанға шексіз алғысымды жеткізгім келеді. Немеремді жыл бойы қосымша «Qazbilim» жетілдіру орталығына беріп едім, әсіресе химия пәні бойынша жетпеген білімін жоғары деңгейде толықтырды. «Qazbilim» орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы ең озық қосымша білім орталығы, оған дәлел бұл жерде білім алған оқушылар ҰБТ ғана емес Республикалық, Халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз болып жатыр. «Qazbilim» орталығының оқушыларына табыс тілеймін! Нұр-Сұлтандықтар балаларыңыздың қосымша білімін жетілдіргіңіз келсе, «Qazbilim» орталығына Аятжан Ахметжандай білгір ұстазға беріңіздер. Бұл шындық!

Кажимурат Носиев

Фейзбук парақшасынан алынды

Менің ойымша , «Qazbilim» орталығы – ұстаздарға 100%-ға сенуге болатын жалғыз орталық. Барлық мұғалімдер жоғары білімді. Сонымен қатар, мен өзімнің дүние тарихы және қазақстан тарихы мұғалімім Оразбек Сералыұлы жайында айтқым келеді. Оның бойында барлық жақсы қасиеттер бар. Тек жұмыстарында жоғары максималды балға аса назар аударады. Менің жағдайымда ол кісі небәрі бірнеше айдың ішінде сынақтардан ең жоғары нәтижеге жетуіме ықпал етті. Ол өз пәніне берілген мұғалім. Астана қаласында тарих пәні бойынша Оразбек Сералыұлыдан артық мұғалім таппайсыздар.

Сәбит Жанел

Нұр-сұлтан қаласы №48 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы
НҰР-СҰЛТАН қаласы:

№1-офис. Тәуелсіздік даңғылы, 47/1

Тел: 8 (7172) 540 780 ;
8775 431 8008;
8707 431 8008.
  

НҰР-СҰЛТАН қаласы:

№2-офис. Сарыарқа даңғылы, 31/2.
Тел: 8 (7172) 34 79 16;
8701 531 8008;
8776 531 8008. 

АЛМАТЫ қаласы:

Мамыр 4-шағын ауданы, 111Г
Тел:8 (727) 381 62 71;
8701 731 8008;
8 707 731 8008.

АҚТӨБЕ қаласы:

Гришина 7А, Н.Байғанин атындағы оқу ғимараты, 1 қабат

Тел:87017328008

 

X
Сәлеметсіз бе? QAZBILІM орталығына қош келдіңіз! Төмендегі батырманы басу арқылы біздің менеджерлермен тілдесе аласыз.