Жылдағы дәстүр бойынша дарынды, талантты балаларды шабыттандыру, әр түрлі қабілетті балаларға мүмкіндік сыйлау бағытындағы өткізетін іріктеу тестіміз алғаш рет «Республикалық QAZBILIM олимпиадасы» болып тұсауы кесіліп еді. Биылғы жылы да кезекті олимпиада сәтті өтіп, бір парыз орындалып, бір қарыз қайтарылғандай рахаттанып отырмыз. 

Олимпиада бастапқыда жоспарлағаннан әлдеқайда биік деңгейде өтті.

Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы ғана емес, Қазақстанның өңір-өңірінен келіп Олимпиадаға:

10 сыныптан — 212;

5 сыныптан — 158;

4 сыныптан — 161 оқушы қатысты. Қорытындысы комиссия мүшелерінің шешімімен анықталатын болады.

Олимпиадада 10-сыныпқа оқу сауаттылығы (20 сұрақ 20 балл), Қазақстан тарихы (30 сұрақ 40 балл) және математикалық сауаттылық (30 сұрақ 40 балл) пәндерінен жалпы 100 баллдық тапсырма берілді. Қазіргі нәтиже бойынша ең жоғары жинаған оқушы 85 баллды құрап тұр.

Осы 10-сынып олимпиадасы нәтижесінде ҰБТ дайындық тобына: Ең жоғары 5 оқушыға және отбасылық жағдайына байланысты 10 оқушыға 100% QAZBILIM ГРАНТЫ , одан кейінгі 5 оқушыға 50%, одан кейін 10 оқушыға 20% жеңілдіктер беріледі.

5-сынып бойынша олимпиада ағылшын тілі (20 сұрақ 20 балл) және математика (30 сұрақ 40 балл) пәндерінен өткізілді (жалпы 60 балл).  Қазіргі нәтиже бойынша ең жоғары жинаған оқушы 50 баллды құрап тұр.

4-сынып бойынша олимпиада ағылшын тілі (20 сұрақ 20 балл) және математика (30 сұрақ 40 балл) жалпы 60 балл. Нәтиже бойынша ең жоғары жинаған оқушы  53  баллды құрап тұр.

Осы 4-5 сынып олимпиадасы нәтижесінде Назарбаев зияткерлік мектептеріне дайындық тобына: Ең жоғары 5 оқушыға және отбасылық жағдайына байланысты 10 оқушыға 100% QAZBILIM ГРАНТЫ 100%, одан кейінгі 5 оқушыға 50%, одан кейін 10 оқушыға 20% жеңілдіктер беріледі.

Қатысушы оқушылардың көп болуына байланысты бастапқы жоспарлаған 60 оқушыға береміз деген грант санын әлі де көбейту жағы қарастырылып жатыр. Дарынды балаларға қуаныш сыйлаймыз деген атымтай жомарт ағалар болса мархабат.

5 мамыр күні орталығымыздың бас офисінде (Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіздік 47/1), сағат 17:00 де жеңімпаздарды марапаттау кеші өтеді. Кешімізге:

🔷Назарбаев Университетінің профессоры, xимия ғылымының докторы — Сәлімгерей Әділов;

🔷Шалқар радиосының директоры, ақын — Қалқаман Сарин @kalkamansarin_

🔷Журналист, медиалектор, блогер — Өркен Кенжебек;

🔷Ақын — Серікзат Дүйсенғазы

🔷Орталығымыздың директоры — Аятжан Аxметжан қатысады.

📣Кешімізді белгілі журналист Нұрбек Бекбау жүргізеді деп жоспарлануда.

Олимпиадаға қатысқан барлық оқушылар мен ата-аналарына, ұстаздарына алғыс айтамыз! Жеңісті күндерде жолығайық, келіңіздер!

Қазақтың әр баласы дарынды,

Дұрыс бағыт беру бізге парыз!

Ұлымыз ұлағатты, қызымыз инабатты болсын! Білімді шәкірттеріміз көп болсын!

QAZBILIM — қазақ баласын биікке жетелей берсін! Біздің мақсат — осы.

Барлық нәтижелерді, олимпиада тапсырмаларын, дұрыс жауаптарымен алдағы уақытта орталықтың www.qazbilim.kz сайтынан көре аласыздар.

 

«QAZBILIM» баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

НҰР-СҰЛТАН қаласы:

№1-офис. Тәуелсіздік даңғылы, 47/1

Тел: 8 (7172) 540 780 ;
8 775 431 8008;
8 707 431 8008.
  

НҰР-СҰЛТАН қаласы:

№2-офис. Сарыарқа даңғылы, 31/2.
Тел: 8 (7172) 34 79 16;
8 701 531 8008;
8 776 531 8008. 

АЛМАТЫ қаласы:

Мамыр 4-шағын ауданы, 111Г
Тел:8 (727) 381 62 71;
8701 731 8008;
8 707 731 8008