ҰБТ-ҒА жылдық «QAZBILIM» ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ

b1d5fc72-596c-4fa3-9bee-bfb04858e5c1

Өткен 2017-2018 оқу жылында халықаралық «QAZBILIM» ғылым-білімді дамыту қорының қолдауымен 5 оқушыға жылдық, 15 оқушыға бес айлық тегін «QAZBILIM» оқу грантын ұсынған едік, биыл сол үрдіс жалғасады. Бір қуанарлығы бұл үрдіс биыл ауқымын кеңейтіп, 25 оқушыны қамтиды. Себебі, бүгінде қосымша білімсіз оқитын балалар кемде-кем. 11-сынып оқушылары үшін орталықтарға барып ҰБТ-ға дайындалу қалыпты жағдайға айналды, онсыз болмайтын күйге жетті. Ғылым-білімге деген сұраныс пен бәсеке жылдан жылға артып келеді…

ҰБТ-ға дайындық орталықтарында дайындалу біраз ақша тұратыны ешкімге жасырын емес, алайда, оны барлық оқушының қалтасы көтере қоюы екіталай…

Осыны ескере отырып, халықаралық «QAZBILIM» ғылым-білімді дамыту қорының қолдауымен 2018-2019 оқу жылына 5 оқушыға бір жылдық, 20 оқушыға жеті ай уақыт 100% тегін ұлттық бірыңғай тестке дайындау шешіміне келдік… Әрине, мүмкіндікке байланысты оқушы санын амалсыз шектеп отырмыз…

Дайындық Республикалық «KAZBILIM» орталығы базасында жүргізіледі.

«QAZBILIM» грант иегері атануға үміткерлерге қойылатын талап – Астана және Астана маңында (ең алысы 30 км) орналасқан мектептердің 11-сынып оқушысы болуы керек. Жеңілдікті беруде оқушылардың отбасылық жағдайы және оқу нәтижесі басты назарға алынады.

Құжаттар тізімі:

  1. Өзінің және ата-анасының жеке куәлігі;
  2. Отбасы жағдайы, адам саны туралы анықтама (ХҚКО-нан немесе ата-анасының бірінің, немесе қамқоршысының жұмыс орнынан алынады.);
  3. Оқушы туралы мінездеме (Сынып жетекшісі жағынан жазылып, мектеп директорының қолы қойлып, мөрі басылуы керек.);
  4. 10-сыныптың табелінің көшірмесі.

Оқушылардың құжатын қабылдау уақыты 10 қыркүйекке дейін. 13 қыркүйек сынақ тест алынып, 15 қыркүйек грант иегерлерінің тізімі жарияланады. Грант иегерлері 17 қыркүйектен бастап сабаққа жыл бойы тегін қатыса беруіне болады.

Республикалық «QAZBILIM» орталығы туралы толық ақпаратты http://qazbilim.kz сайтынан, ал грант жайлы сұрақтарыңызды 8 775 4318008 (Райхан) нөміріне хабарласып біле аласыздар.

Республикалық «QAZBILIM» орталығы баспасөз қызметі.

Leave us a Comment