“QAZBILIM” – Almaty жұмысқа шақырады.

8fff29af-6094-4abb-b9dd-ddd41f4acd5c

Қуанышты хабар! 

Алматылық достар, оқушылар, ата-аналар!

Республикалық “QAZBILIM” орталығының үлкен бір мақсаты сәтті басталды. 

Алла қаласа тамыз айынан бастап республикалық Қазбілім орталығының Алматы филиалы өз жұмысын бастайды.  Республикалық “QAZBILIM” орталығы ата-аналардың өтініші мен шәкірттердің сұранысына орай осындай қадамға аяқ басты.

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Абай көшесі мен Жұмағали Саин көшелерінің қиылысында 18.08.2018 жылы 11:00 де ашылу салтанатында жолығайық! Алматылық достар келіңіздер, жеңілдіктер ұтып алыңыздар!

Құрметті әріптестер, алдағы жылға үлкен жоспармен қадам басудамыз.

Осы бөлімшенің ашылуына байланысты Алматы қаласында тұрақты немесе қосымша жұмыс істегісі келетін білікті мамандарға конкурс жариялаймыз. Егер бізбен бірге жұмыс жасау ниетіңіз болса төмендегіні толық оқыңыз))

Бізге:

  1. Математика пәні мұғалімі ( 5 орын)
  2. Ағылшын тілі пәні мұғалімі ( 3 орын)
  3. Физика пәні мұғалімі ( 2 орын)
  4. Тарих (Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, адам,қоғам және құқық) (2 орын)
  5. Биология ( 1 орын)
  6. География (1 орын)
  7. Химия (1 орын)
  8. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (1 орын)
  9. Бастауыш сынып мұғалімі (1 орын)
  10. Орыс тілі пәні мұғалімі (1 орын)

Жұмысқа қабылдау шарты:

  1. Пән бойынша тест
  2. Түйіндеме (kazbilim@gmail.com)
  3. Әңгімелесу

Жұмыс талабы:

  1. Біліктілік
  2. Қазақ тілінде сауатты сөйлей және жаза алу

Жұмыс ерекшелігі:

  1. Қағазсыз
  2. Басы артық жұмыссыз
  3. Қолайлы шығармашылық орта
  4. Жоғары еңбекақы
  5. Тиімді уақыт кестесі

Орталық туралы толық ақпаратты qazbilim.kz cайтынан көре аласыздар.

Жұмысқа қабылдау конкурсы 16-17 тамыз күндері Алматы қаласы Әуезов ауданы Баянауыл 55 үй (Абай көшесі мен Жұмағали Саин көшелерінің қиылысы) Республикалық “QAZBILIM” орталығының Алматы бөлімшесінде болады.

Ал, Астана бөлімшесіне де, 2 ағылшын тілі пәні мұғалімі керек.

Биыл Республикалық “QAZBILIM” орталығында тың жаңалықтар, жаңа жобалар бар. Біздің ата-аналар мен шәкірттерді тамыз айында тосын сыйлар күтіп тұр

Байланыс: 8701 731 8008

8 707 731 8008

kazbilim@gmail.com

Leave us a Comment