Жексенбі күні «QAZBILIM» оқу грантының іріктеу тесті өтеді.

b1d5fc72-596c-4fa3-9bee-bfb04858e5c1

Өткен 2017-2018 оқу жылында халықаралық «QAZBILIM» ғылым-білімді дамыту қорының қолдауымен 20 оқушыға жылдық тегін «QAZBILIM» оқу грантын ұсынған едік, биыл сол үрдіс жалғасады. Бір қуанарлығы бұл үрдіс биыл ауқымын кеңейтіп, 50 оқушыны қамтиды. Себебі, бүгінде қосымша білімсіз оқитын балалар кемде-кем. 5-11-сынып оқушылары үшін орталықтарға барып әр түрлі емтихандарға дайындалу қалыпты жағдайға айналды, онсыз болмайтын күйге жетті. Ғылым-білімге деген сұраныс пен бәсеке жылдан жылға артып келеді…

Дайындық орталықтарында дайындалу біраз ақша тұратыны ешкімге жасырын емес, алайда, оны барлық оқушының қалтасы көтере қоюы екіталай…

Осыны ескере отырып, халықаралық «QAZBILIM» ғылым-білімді дамыту қорының қолдауымен 2018-2019 оқу жылына жалпы 50 оқушыға бір жылдық, 100% тегін ұлттық бірыңғай тестке, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне, Назарбаев университетіне дайындау шешіміне келдік… Әрине, мүмкіндікке байланысты оқушы санын амалсыз шектеп отырмыз…

Дайындық Республикалық «QAZBILIM» орталығы базасында жүргізіледі.

«QAZBILIM» грант иегері атануға үміткерлерге қойылатын талап – Астана және Астана маңында (ең алысы 30 км) орналасқан мектептердің 6 немесе 11 сынып оқушысы болуы керек. Жеңілдікті беруде оқушылардың отбасылық жағдайы және оқу нәтижесі басты назарға алынады.

 

Құжаттар тізімі:

  1. Өзінің және ата-анасының жеке куәлігі;
  2. Отбасы жағдайы, адам саны туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе ата-анасының бірінің, немесе қамқоршысының жұмыс орнынан алынады.);
  3. Оқушы туралы мінездеме (сынып жетекшісі жағынан жазылып, мектеп директорының қолы қойылып, мөрі басылуы керек.);
  4. 5 немесе 10-сыныптың табелінің көшірмесі.

Оқушылардың құжатын қабылдау уақыты 15 қыркүйек 16:00-ге дейін қабылданады. Үмітті талапкерлерге 16 қыркүйек 15:00 сынақ тест алынып, 18 қыркүйек 10:00 грант иегерлерінің тізімі жарияланады. Грант иегерлері 20 қыркүйектен бастап сабаққа жыл бойы тегін қатыса беруіне болады.

Тест 6 сыныптар үшін (математика 40 сұрақ, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінен 20 сұрақ), Назарбаев зияткерлік мектептерінің емтихан форматында, Ұлттық бірыңғай тестке дайындық үміткерлеріне (математикалық сауаттылық 20 сұрақ, оқу сауаттылығы 20 сұрақ, Қазақстан тарихы 20 сұрақ, 1-таңдау пәні 30 сұрақ, 2-таңдау пәні 30 сұрақ) ҰБТ жаңа форматында, Назарбаев университетіне дайындық үміткерлеріне Назарбаев университеті емтиханы (APTIS + NUFYP) форматында өтеді.

Тест Астана қаласы Тәуелсіздік көшесі 47/1 және Астана қаласы Сарыарқа көшесі 31/2 Запад тұрғын үй кешені 3-қабат Республикалық «QAZBILIM» орталығы оқу ғимаратында өтеді.

Республикалық «QAZBILIM» орталығы туралы толық ақпаратты http://qazbilim.kz сайтынан, ал грант жайлы сұрақтарыңызды 8 776 4318008 (Арай) нөміріне хабарласып біле аласыздар.

 

Республикалық «QAZBILIM» орталығы баспасөз қызметі.

 

Leave us a Comment